«Алдағы өзгерістер уақыты» еске алу сағаты

Әрбір халықтың тағдырында белгілі бір мемлекеттің қалыптасуына орасан зор әсер еткен кезеңдері болады. Әр уақыттағы оқиғалар халықтың санасында, мінезінде әрқашан өз ізін қалдырады.

Желтоқсан көтерілісі үлкен тарихи маңызға ие болды. Новоишим аграрлы-техникалық колледжінде, колледж кітапханашысы және тарих пәнінің оқытушысы С.Ж. Аменкина мен әлеуметтік педагог Ю. И. Шнаркевич Орталық аудандық кітапханамен бірлесіп екінші курс студаенттеріне 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына арналған «Алдағы өзгерістер уақыты» атты еске алу сағатын өткізді.

Іс-шараның басында кітапханашылар Н. Н. Попович пен Е. В. Кремер балаларға жаппай наразылықтардың пайда болу себептерін, шерушілердің талаптары мен сол жылғы көтерілістің аяусыз басталғаны туралы айтып берді.

Іс-шара соңында балалар үшін викторина өткізілді, онда қатысушылар еліміздің қалыптасу тарихы туралы тамаша білімдерін көрсетті.

15.12.2022
Қаралым саны: 248
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области