Мемлекет Басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды. Бұл шешім жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау мақсатында қабылданды.
Осы бағытта Новоишим аграрлық-техникалық колледжі жыл бойы көптеген іс-шаралар өткізді. Бірақ колледж ұжымы мұнымен шектеліп қалмады. Жаңа оқу жылы да Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған іс-шаралармен басталды.
2025 жылдың 25 қыркүйегінде Новоишимское ауылында орналасқан «Сұңқар» хоккей кортында колледж студенттері арасында облыстық мини-футбол біріншілігі өтті. Сайысқа 4 колледждің жас жігіт студенттері қатысты.
Сайыстың мақсаты – жастар арасында мини-футболды насихаттау, салауатты өмір салтын, патриотизмді дәріптеу, белсенді бос уақытты ұйымдастыру және студенттер арасында достық, жолдастық қарым-қатынасты нығайту.
Жарыс нәтижесі бойынша:
1-орын – «Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжі» КМКҚ;
2-орын – Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі;
3-орын – Новоишим аграрлық-техникалық колледжі мен Тимирязев агротехникалық колледжі.
Футбол алаңын ұсынғаны үшін Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның «БЖСМ» КММ директоры Қабыкенов Қарабай Біттүгұловичке алғысымызды білдіреміз.
Сайыстар үлкен қызығушылықпен, жақсы эмоционалды көңіл-күйде және достық атмосферада өтті.
Қаралым саны: 34




