WorldSkills аймақтық чемпионаты. Студенттер арасындағы кәсіби шеберлік байқауы

«Новоишим аграрлы-техникалық колледжі» КММ базасында 2023 жылдың 15 ақпанында WorldSkills аймақтық чемпионаты, студенттер арасында «Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді.

WorldSkills қозғалысының негізгі миссиясы-дағдылардың құндылықтарын көрсету және бүкіл әлемде білікті мамандардың танылуын арттыру.Кәсіптік техникалық білім беруді дамыту және кәсіптер мәртебесін көтеру.

Байқауға келесі оқу орындарының өкілдері қатысты:

  1. «Тимирязев агро-техникалық колледжі» КММ, Баженов Леонид Владимирович.
  2. «Петровка аграрлы-техникалық колледжі» КММ, Жансерік Қанатұлы Шамиганов.
  3. «Новоишим аграрлы-техникалық колледжі» КММ, Краснов Алексей Евгеньевич.

Байқау 2 кезеңнен тұрды: теориялық және тәжірибелік бөлім.

Байқауда бірінші орынды Новоишим колледжінің студенті Алексей Краснов иеленді. Екінші орынды Леонид Баженов («Тимирязев агро-техникалық колледжі» КММ) және Жансерік Шамиганов («Петровка аграрлы-техникалық колледжі»КММ) иеленді.

Конкурсқа қатысушылар «Новоишим аграрлы-техникалық колледжі» КММ логотипі бар дипломдармен және естелік кәдесыйлармен марапатталды.

17.02.2023
Қаралым саны: 244
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области