Жұмыс берушілер күні

Жұмыс берушілер күні мерекесіне орай «Новоишим аграрлы-техникалық колледжі» КММ-де колледж студенттерінің әлеуметтік серіктестермен, ұйымдардың басшыларымен өндірістік тәжірибесі кезеңінде колледж студенттеріне жұмыс орындарын ұсынатын, сондай-ақ колледжді бітіргеннен кейін жұмысқа қабылдайтын адамдармен кездесуі өтті. Олардың алдында колледж директоры С. Қ. Жүсіпов құттықтау сөз сөйледі. Содан кейін директордың ӨОЖ жөніндегі орынбасары А. В. Кирюшкина қонақтарға іс-шараның өткізу бағдарламасымен таныстырды. Жұмыс берушілермен кездесу кофе – брейкпен басталды. «Новоишим аграрлы – техникалық колледжі» КММ-де «Жас маман» жобасын іске асыру презентациясын бөлім меңгерушісі В. В. Рылов таныстырды. Презентацияны көргеннен кейін диалог алаңында колледж студенттерінің әлеуметтік серіктестермен кездесуі өтті. Студенттер негізінен жұмысқа қалай орналасуға болады, жалақы мөлшері, студенттерге жұмыс тәжірибесі кезінде құрал-жабдықтарды пайдалануға рұқсат етілген бе, оларға тәлімгерлер бекітілген бе деген сұрақтар қойды. Оларға жұмыс берушілер (жеке кәсіпкерлер) өз істерін қалай ашқаны, қандай мәселелер туындағаны және оларды қалай шешкені қызықтырды. Шақырылған қонақтар студенттердің барлық сұрақтарына кеңейтілген жауаптар беруге тырысты. Содан кейін жұмыс берушілер үшін колледж бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Оларға «Жас маман»жобасы бойынша сатып алынған барлық жабдықтар көрсетілді. Олар жаңа астық жинайтын комбайн, жаңа тракторлар мен басқа да техникалар сақталған жаңа ангарды да тамашалады. Экскурсия соңында өндірістік оқыту шебері А. А. Лютко өз студенттерімен дәнекерлеу ісі бойынша шеберлік сыныбын көрсетті. Студенттер бұрышта тұратын аяқ киім тазалағыштарын дәнекерледі. Өндірістік оқыту шеберлері Н.Н. Чайкин және А.К. Зейнуллаев өз студенттерімен маневр жасау элементтері бар доңғалақты тракторды жүргізу бойынша шеберлік сабағын өткізді. Содан кейін қонақтарға жаңа шиналарды монтаждау шеберханасы көрсетілді, онда баланстау станогы мен шиналарды монтаждау станогының жұмысы көрсетілді. Бұл мерекелік шара үздік жұмыс берушілерді марапаттаумен аяқталды. Облыстық білім басқармасының грамоталарымен, «Джумабекова О.А.» ЖК басшысы О.А Джумабековаға, «Содружество – 2» ЖШС басшысы М. Т Жикинге, «Герт А. А.» ЖК басшысы А.А Герт марапатталды. Білім министрлігінің грамоталарымен «Яреско В. Н» ФШ басшысы В. Н. Яреськоға, «АЗКО» ЖШС басшысы В. Н. Азрапкин марапатталды. Марапаттаудан кейін колледж студенттерінің күшімен ұйымдастырылған шағын музыкалық концертпен аяқталды.

22.11.2022
Қаралым саны: 295
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области