«Жастар террорға қарсы» квест ойыны

19 қаңтарда аудандық мәдениет үйі әдіскері Т.В. Полядина және НАТК жастар ісі жөніндегі инспектор А.К.Нурканова Новоишимка аграрлы–техникалық колледжінің студенттерімен «Жастар террорға қарсы» квест ойынын өткізді.

Мақсаты–студенттердің білімдері мен дағдыларын терроризмге қарсы насихаттау.

Міндеттері: Террорлық актілердің алдын алу, лаңкестік әрекет қаупі төнген кезде әрекет ету дағдылары бойынша студенттердің білімдерін жүйелеу.

Террорлық шабуыл қаупі төнген кезде төтенше жағдайлар мен әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Жеке тұлғаны қауіпсіз түрде тәрбиелеу.

Квест практикалық және логикалық тапсырмаларды орындау кезеңдер бойынша өтті. Квест 5 кезеңнен тұрды: практикалық «алғашқы медициналық көмек көрсету», «Қауіпсіздік» кроссворды, «Дұрыс жаса» тесті, «Өмірдегідей бәрі» құрастыру ойыны, «Мина алаңы» кедергісін жеңу, Көркем сурет салу «терроризмге жол жоқ!», «Біз бейбітшілікті қолдаймыз!» криптограммасын ашып көрсету.Командалардың жүру бағыты ойынның басында капитандарға берілетін саяхат парақтарында көрсетілген . Әр тармақта команда толық құрамда болуы керек, жалпы құрамы 7 адамнан аспауы керек.

Квест ойыны ойдағыдай өтті, Студенттер квесттің барлық кезеңдеріне белсенді қатысты.

 

19.01.2023
Қаралым саны: 249
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области