«Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмыт қалмайды!»: колледжде Жеңіс батырлары еске алынды

8 мамыр күні Новоишим аграрлық-техникалық колледжі базасында Ұлы Жеңіс күніне және Ұлы Отан соғысы батырларын еске алуға арналған «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмыт қалмайды!» атты патриоттық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — білім алушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ел тарихына құрмет көрсету, ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін жас ұрпақ жадында сақтау.

Іс-шара барысында студенттер соғыс жылдарындағы тарихи деректермен танысып, жауынгерлердің ерліктерін еске алды, қаза болған батырларды бір минут үнсіздікпен құрметтеді. Сонымен қатар, тақырыптық баяндамалар оқылып, өлеңдер мен соғыс жылдарындағы әндер орындалды. Бұл қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.

Жас ұрпақ үшін бейбітшіліктің, бірліктің және тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қатысушылар іс-шараға белсенді қатысып, ардагерлерге алғыс білдіріп, батырлардың рухына тағзым етті.

Өткізілген іс-шара студенттердің азаматтық-патриоттық қасиеттерін дамытуға, Отан тарихына деген қызығушылығын арттыруға және рухани — адамгершілік құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.

19.05.2026
Қаралым саны: 150
Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области