Волонтерство

Қыс әрқашан Новоишим ауылының тұрғындары үшін әсіресе қарт жастағы адамдар үшін оңай сынақ емес. Өйткені, кейбір зейнеткерлерге жүріп 0 тұрудың өзі қиын, ал кешегі жауған қардан кейін үйден шығып кіру қиынға соққаны анық.

18 қаңтарда Новоишимка аргарлы–техникалық колледжінің волонтерлері зейнеткер Н.А.Добровольскаяға қардан тазалауға жан–жақты көмек көрсетті. Жігіттер күрекпен қаруланып, қысқы шаруаны адал атқарды.

Мұндағы мақсат – өскелең ұрпақтың бойына игі істерге деген құштарлықты ояту, қоғамда ынтымақ пен қарттарды құрметтеу сезімін нығайту болды. Жыл бойы студенттер осы санаттағы тұрғындарға үй жұмыстарында атаулы көмек көрсетеді. Жеке үйлерде тұратын жалғызбасты қариялар үшін мұндай көмектің маңызы зор.

19.01.2023
Қаралым саны: 205
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области