«Есірткіге жоқ дейміз!», «Терроризм – қоғамға қауіп» акциясы

30 мамырда Новоишим ауылшаруашылық-техникалық колледжінде «Есірткіге жол жоқ!», «Терроризм – қоғамға қауіп» атты акция өтті. Мақсаты: оқушылар арасында зиянды әдеттердің алдын алу. Нашақорлықтың адам денсаулығына кері әсерін түсіндіру; Нашақорлықтың адам денсаулығына тигізетін зардаптарын ашу, нашақорлық проблемасының жеке адам үшін де, қоғам үшін де өзектілігі мен маңызын көрсету; Нашақорлыққа деген теріс көзқарастың қалыптасуына ықпал ету. Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық прокуратураның прокуроры Әлмұқанова Перизат Жанатқызы сөз сөйледі. Ол есірткі мен терроризм туралы айтты. Сөзден кейін Жастар ресурстық орталығының мамандары «Мифтер және нашақорлық» викторинасын өткізді.Әрқайсыңыз өз өміріңіз бен денсаулығыңыздың қожайынысыздар. Ешкім сіздің өміріңізді сіз үшін өткізбейді: ата-анаңыз да, сіздерді қоршап, қамқорлық жасайтын мұғалімдер де, басқа ешкім Әрқайсыңыз қалай шешсеңіз, бәрі де солай болады. Ал сіз әлі де дұрыс жолды таңдап, өмірде қандай жағдай болмасын, соны ұстанатыныңызға сенемін, өйткені сіздің денсаулығыңыз тек өз қолыңызда.

Есірткі үмітті, қуаныш пен еркіндікті алып тастайтынын, ең бастысы, адамның өмірін алып тастайтынын әрқашан есте сақтаңыз!

 

30.05.2024
Қаралым саны: 304
Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области