Жеңіс күні-ұрпақтарды біріктіретін мереке

Ұлы Отан соғысы 77 жыл бұрын аяқталды. Бұл соғыс әлемдік тарихтың бағытын, адамдардың тағдырын және әлем картасын өзгертті. Біздің халқымыз жоғары ұйымдасқан және жақсы қаруланған жаудың-нацистік Германия мен оның одақтастарының күшті шабуылына қарсы тұрды. Біз аман қалдық және жеңдік.

Ең жоғары баға Жеңіс үшін төленді – өмір бағасы. Соғыс әрбір отбасының тағдырында өз ізін қалдырды. Аталар мен арғы аталар, әжелер мен арғы әжелер күн сайын ерлік көрсетті. Олар шабуылда қаза тауып, окоптар қазып, далалық госпитальдар ұйымдастырды, партизан болу үшін орманға барып, тылда еңбек етті. Әркімнің өз ісі болды. Және бұл соғыстың соңғы күнін жақындата түсті

Новоишимка аграрлы-техникалық колледжінде «Сол соғыс ұмытылмасын» атты мерекелік концерт өтті, онда студенттер үлкен тебіреніспен өнер көрсетті. Тақырыпқа сай акт залын дайындады. Әр түрлі нөмірлерден тұратын концерт қонақтар мен көрермендерді қуантты. 23-ші топ өте шынайы нөмірлер дайындады - «Сол көктем туралы», «Қызыл күннің батуы», «Көкек» әндері. 11-топ жігіттері «Үш танкист»атты көрініс және «Катюша» әнін дайындады. 12-топ 23-топпен бірлесе отырып, «Дәрігер қарындас», «Майданнан хабар» атты өте әсерлі көріністер дайындады, онда барлық көрермендер тіксініп қалды, сонымен қатар Жеңіс күні туралы өлеңдер оқылды. Салтанатты шараға белсене атсалысқан колледжіміздің барлық студенттеріне, әсіресе, 23 топ қыздары Гришина Ксения, Громадюк Аделина, Шендер Еленаға алғысымды білдіремін.

Соғыс аяқталғанына көп жыл өтті. Уақыт окоптарды тегістеді, өткен шайқастардың егіс алқабында астық басылуда, фашистер қиратқан қалалар мен ауылдарды қайта қалпына келтірілді. Соғыс ізі жер бетінен жоғалады, бірақ оның жаңғырығы әлі күнге дейін адам жан дүниесінде басылмайды. Бұл соғыс қайталанбауы үшін оның қасіретін ұмытуға хақымыз жоқ! Біз қазір өмір сүруіміз үшін қаза тапқан солдаттарды ұмытуға құқығымыз жоқ.: Біз бәрін есте сақтауымыз керек. Өткенді ұмыту – Отан бақыты үшін жанын қиған адамдарды еске түсірмеу деген сөз.

Біздің міндетіміз – бірлігі мен ынтымағымен, еңбекқорлығы мен адалдығымен, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігімен бізге бейбітшілікті, еркіндік пен тәуелсіздікті қамтамасыз еткен халықтың ерлігін есте сақтау. Жеңіс күні – ұрпақтарды біріктіретін мереке. Біз өз тарихымызды есте сақтаймыз және оны мақтан тұтамыз!                                                          

Жастар ісі жөніндегі инспектор: А.К. Нурканова

Жеңіс күні-ұрпақтарды біріктіретін мереке

Жеңіс күні-ұрпақтарды біріктіретін мереке

06.05.2022
Қаралым саны: 435
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области