2024 жылдың 3 қазан айында Новоишим аграрлы-техникалық колледжінде Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.Колледждің акт залында студенттер дайындаған мерекелік концерт өтті. Колледж директоры Жүсіпов Сүйендік Қуандықұлы оқытушыларға, ардагерлерге, студенттерге құттықтау сөз сөйледі. Педагогикалық еңбек ардагерлеріне-колледж құрылған сәттен бастап жұмыс істеген адамдарға көптеген жылы сөздер айтылды. Оқу орнының қазіргідей болып құрылуына мұғалімдер аянбай еңбек етті.Мерекелік концертті би нөмірлері, әндер безендірді. Мұғалімдер күніне арналған Концерт мерекелік және жылы атмосферада өтті.Мұғалім-балаларға, оқушыларға деген үлкен және риясыз сүйіспеншілікті талап ететін ерекше мамандық. Біз колледж педагогтары мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз және оларға зор денсаулық, шығармашылық өрлеу, отбасылық амандық тілейміз. Сіздің мамандығыңыз әрқашан сізге қуаныш пен сәттілік әкелсін!Керемет жылы және рухани мереке болды. Барлық концерттік нөмірлерді біздің студенттер дайындады және олардың тәлімгерлеріне деген сүйіспеншілікке толы болды.
Қаралым саны: 56