2025 жылдың 2 қазанында КМҚК «Новоишим аграрлы-техникалық колледжі» «Хвала рукам, что пахнут хлебом» атты іс-шараны «АСТЫҚ — ПРИВОЛЬНЫЙ» ЖШС-інде өткізді. Колледж студенттері ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу, техникалық қызмет көрсету, егістіктен келген астықты тазалау, кептіру, қоймалау жұмыстарына белсенді қатысты.
Іс-шара студенттердің жаңа егіннен пісірілген нанды астық қабылдау пунктінің қызметкерлеріне тарту етуінен басталды. Колледж студенттерінің күшімен концерт қойылып, «АСТЫҚ — ПРИВОЛЬНЫЙ» ЖШС қызметкерлеріне палау мен ыстық шайдан дастарқан жайылды. «АСТЫҚ — ПРИВОЛЬНЫЙ» ЖШС қызметкері Оксана Дмитриевна концерттік бағдарлама мен дастарқан үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Іс-шараны оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Анна Васильевна Кирюшкина төмендегі өлең жолдарын оқумен аяқтады:
Және нан иісі аңқиды,
Ол егіннің иісіндей,
Ыстық шақтың лебіндей,
Шық тамған таңның нұрындай,
Кең даладағы салқын желдей.
Міне ол – қызара піскен, хош иісті,
Қолда тұр демін алып,
Нан үшін үлкен рахмет!
Жер бетіндегі барша диқандарға.
Қаралым саны: 96






