«Тәуелсіздік - Мәңгілік елдің негізі» өңірлік пікірсайыс турнирі туралы ақпарат

17 қарашада «Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі» КММ базасында «Тәуелсіздік - Мәңгілік елдің негізі» өңірлік пікірталас турнирі өтті, онда «Новоишим аграрлы-техникалық колледжі» КММ студенттері белсенді қатысты.

Зияткерлік жарыстардың басталуының алдында концерттік бағдарлама өтті, осодан кейін «Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі» КММ директоры Берік Темешұлы Жанахметов колледж қонақтарын және сайысқа қатысушыларды жылы лебізбен шын жүректен құттықтап, пікірсайыс сайыстарында сәттілік пен әділ күресулеріне тілектестігін білдірді.

Агротехникалық колледж студенттері мен педагогтарының орындауындағы би мен әндер сайысқа қатысушыларға патриоттық көңіл-күй   сыйлады.

Содан кейін барлығы турнирге шақырылды, онда үш команда жарысқа шықты: «Отан» - Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі, «Зияткер» - «Зейнеп» Лобанов көпсалалы колледжі, «Жас ұрпақ» - Новоишим ауылының колледжі.

Баллардың барлығы байыпты дайындықпен келгендіктен, өте білімді, белсенді, елдегі қоғамдық-саяси ахуалды жақсы білетіндіктерін көрсеткендіктен, қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау өте қиын болды.

Біздің «Жас ұрпақ» командасы екінші жүлделі орынға ие болды. Сондай-ақ, Максим Пассаженниковқа «Жеңіске деген ерік – жігері үшін» алғыс хат және Щука Анастасияға «Әділдікке ұмтылу» номинациясы бойынша грамота табыс етілді.

«Тәуелсіздік - Мәңгілік елдің негізі» өңірлік пікірсайыс турнирі туралы ақпарат

17.11.2022
Қаралым саны: 291
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области