Жаз — тамаша уақыт! Мектептегі үзіліс, жаңа күш, әсер және жақсы көңіл — күй алу уақыты.
«Қарлығаш» балалар сауықтыру лагерінде әр түрлі жастағы 53 оқушы жазғы демалысын денсаулықтарына пайдалы етіп өткізуде.
Лагерьде демалу бағдарламасы әр түрлі спорттық — танымдық іс-шаралар мен ойындарға толы болды, бұл оқушылардың белсенді демалуына ықпал етті, ең бастысы балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырды. Олар ойын бағдарламаларын жүзеге асыруға белсене қатысты. Лагерьдің ұжымдық жұмыстарына қатысты.
19 маусымда Новоишим аграрлы-техникалық колледжінің ұжымы Жұмысшы мамандықтары жылына және кәсіптік бағдар беру жұмыстарына арналған «Мамандықтар калейдоскопы» мамандықтар әлеміне ойын-саяхат өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты: балаларды әртүрлі мамандық түрлерімен таныстыру, мамандықтың адам өміріндегі маңыздылығын көрсету. Байланыстырып сөйлеуге, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шарамыз балалармен танысудан басталып, «Мамандықтар калейдоскопы» ойын — саяхатына бардық. Бірінші станция «Әртүрлі мамандықтар» деп аталатын жерде басталған сөйлемді аяқтау керек болды, балалар барлығын хормен орындады, бұл станция логикалық ойлауды және зейінді қажет етті. Екінші «Мен кіммін?» бекеті, бұл бекетте балалардың ой-өрісін, қиялын, сызба бойынша әрекетті орындау керек болды. Ойлау, қиялдау, тапқырлық бойынша екі бекеттен кейін үшінші бекет төзімділікке, ептілікке, күш — қуатқа бағытталды. Үшінші станцияда демалушылар үшін спорттық ойындар ұйымдастырылды. Спорт станцияларынан кейін «Менің жұмысшы мамандығым» шығармашылық станциясы болды, мұнда мектеп оқушылары өздерінің болашақ жұмысшы мамандығын ватман қағазында бейнелеуі керек болды. Одан кейін кәсіптік қозғалыс элементтері бар жалпы флешмоб өтті. Іс-шарадан кейін оқушыларға бауырсақтар мен тәттілер ұсынылып, көтермелеу сыйлықтары берілді.
Шара соңында өткізілген рефлексия алынған ақпараттың балалар үшін пайдалы әрі қызықты болғанын көрсетті, ал кәсіптік бағдар беру іс-шараларын өткізу жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандығын таңдауға бір қадам жақындауына ықпал етеді.
Қаралым саны: 24