Бірлігіміз жарасқан Қазақстан

22 қазанда Новоишим аграрлы-техникалық колледжінде «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың Қазақстан Республикасының қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту, Қазақстан Республикасының өткені мен бүгіні туралы түсініктерін қалыптастыру,ел тарихына қызығушылығын дамыту, азаматтықты, патриотизмді және өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сынып сағаты 4 кезеңнен тұрды:

  1. Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуының негізгі кезеңдері.
  2. Нұр-Сұлтан - Егемен Қазақстанның астанасы.
  3. Қазақстанда ғарыш саласын дамыту.
  4. Викторина.

Колледж студенттері сынып сағатына белсенді қатысты. Студенттер викторинаға белсенді ат салысты, Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы туралы жақсы білімдерін көрсетті.Сынып сағаттарында топта ынтымақтастық, өзара көмек атмосферасы болды және студенттер өз ойлары мен болжамдарын еркін жеткізе алды.

22.10.2022
Қаралым саны: 294
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области