5 желтоқсан күні Новоишим аграрлы-техникалық колледжінде кітапханашы Мамбеталинова Б.А. жетекшілігімен орыс поэзиясының көрнекті өкілі, ақын және аудармашы Афанасий Феттің туғанына 205 жыл толуына арналған «Жан тебірентерлік лирик» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде Феттың поэтикалық жинақтары, оның аудармалары, лирикалық миниатюралары, сондай-ақ ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер ұсынылған. Экспозиция Фет поэзиясының тереңдігін, нәзік сезімге, табиғат сұлулығына және рухани әлемнің байлығына бағытталған ұмтылысын ашып көрсетеді.
Көрменің мақсаты:
Студенттердің классикалық поэзияға қызығушылығын арттыру, Афанасий Феттың шығармашылық мұрасын насихаттау және оның поэзиясындағы эстетикалық әрі рухани құндылықтармен тереңірек таныстыру.

Қаралым саны: 38




