ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ – 8 НАУРЫЗ

Көктем әлі де өз күшіне енуде, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні жақындап қалды. Біздің колледж студенттері нәзік жандыларды алдын ала құттықтады. 7 наурыз күні олар біздің оқу орнымыздың қыз-келіншектеріне арналған мерекелік бағдарлама ұсынды.

Мерекелік бағдарламаны біздің жігіттер дәстүр бойынша бастады. Колледж директоры Жүсіпов Сүйіндік Қуандықұлы оқытушылар мен студенттерге құттықтау сөз сөйлеп, зор денсаулық, әл-ауқат және тамаша көктемгі жақсы көңіл-күй тіледі.

Бұл күні құттықтаулар жаңбыр сияқты төгілді: «Әйел көктем сияқты – нәзік, эмоционалды, әлемді ашық түстермен қабылдайды».Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер!сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз! деп студенттер құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерін жолдады.Колледж әкімшілігі концерттік бағдарлама соңында аналар мен қыздарға, қыздар мен әйелдерге үлкен алғыс білдіріп шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларына береке - бірлік, еңбектеріне табыс тіледі!

09.03.2023
Қаралым саны: 180
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области