2025 жылдың 25 маусымында Новоишим аграрлы-техникалық колледжінде ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша өңіраралық «МехАгро — Новоишим» байқауы өтті. Іс-шараға шақырылғандар: аудан әкімінің орынбасары Б.А. Сапанов, ЖРО басшысы Қ.Қ. Амантаев, Мансап орталығының директоры Н.И. Темірғалиев, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Киселев И.П. мен Ғ. Мүсірепов атындағы аудан ЖШС басшылары. Байқауға ЖШС өкілдері, ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығының өндірістік оқыту шеберлері, колледж студенттері қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрады: Бірінші кезең трактордың құрылымы және жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық бөлім. Практикалық бөлім — «Үздік тракторшы — машинист».
Байқау қатысушылар мен шақырылғандарды тіркеу, фуршет — шай, аудандық мәдениет үйі байқауды ашуы, колледж директоры мен шақырылған қонақтардың сөз сөйлеуінен тұрды. оқу — өндірістік жұмыс бойынша директордың орынбасары Анна Васильевна Кирюшкина бағдарламамен қатысушыларды таныстырып, барлығына сәттілік тіледі. Одан кейін қатысушылар 1-ші кезең теориялық бөлім, трактор құрылымы және жол қозғалысы ережелері бойынша кабинетке барды. Кейін 2-ші кезеңде, «Үздік тракторшы — машинист» практикалық бөліміне дайындалған алқапқа шықты. Ауыл шаруашылығы саласында құзыретті сараптама комиссиясының шешімімен. «Яреско» шаруа қожалығының өкілі Максим Владимирович Реут лайықты жүлделі 3 орынды иеленді. Өндірістік оқыту шебері А.Қ. Зейнуллаев 2 орынға ие болды.
Колледж студенті Денис Виталиевич Бейкел лайықты 1 орынды иеленді оған "ең жас механизатор"номинациясы берілді. Байқауға қатысушылардың барлығына сертификаттар, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
А.Нұрқанова – Жастар ісі бойынша инспектор
А.Кирюшкина – оқу-өндірістік жұмыс бойынша
директордың орынбасары
Қаралым саны: 21