«Ұмытылмас экскурсия»

«Адам саяхаттаған кезде өзімен бірге жүреді.
Мұнда ол өз шегінен шығады,
ол өріске, орманға, тауға бай болады»
Эрнст Симон Блох.

Ағымдағы жылдың 1 маусымында балалар жылы аясында біздің облыс орталығы – Петропавл қаласына сапар жүзеге асырылды. Новоишимка аграрлы-техникалық колледжі бірнеше жылдан бері оқуда үлгерімі жақсы, волонтерлік қызмет, спорттық жетістіктер сонымен студенттік саяхаттарды тәжірибеден өткізіп келеді. Саяхатымыз «Абылай хан резиденциясын» аралаудан басталды. «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені 2007 жылдың 13 қарашасында тарихи мұражай ретінде құрылды. Мұражай ғимараты 2008 жылы мемлекет қорғауына алынған республикалық маңызы бар қала құрылысы және сәулет ескерткіші болып табылады. Ғимараттың тарихи және мәдени құндылығы оның қаланың жоғарғы бөлігіндегі (жоғарғы шетіндегі) алғашқы тас ғимараттардың бірі . Бұл ғимараттың тарихы қазақ жерін біріктірудің негізін қалаған алғашқылардың бірі Абылай ханның өмірі мен қызметі туралы аңыздармен тығыз байланысты. Біздің экскурсиямыз 4 экспозициялық зал мен фойеден тұрды: Абылай ханның өмір сүрген жылдары 1711–1770 жж., Абылай палаталары және тақ бөлмесі болды. «Абылай хан резиденциясынан» кейін біз өте қызықты жерге бардық «Петропавл Экзотариумына»,оның ашылғанына бір жыл толады, бізді экзотикалық жануарлар қарсы алды. Зиянсыз таяқша жәндіктер мен улы өрмекшілерден бастап құс жейтіндер, жыландар мен кесірткелерге дейін. Студенттеріміз үлкен әсер алған жерде кейбір жануарларға қол тигізуге, естелік суретке түсуге мүмкіндік алды. Студенттер мұны ұзақ уақыт есте сақтайтынына сенімдімін. Солтүстік өңірдің «көрікті жері» Ботаникалық баққа бардық. Ботаникалық бақ қалпына келтірілгеннен кейін жаңа бояулармен жарқырап тұр деп біржақты айтуға болады. Баққа алғаш кірген кезде біз кіре берістегі қызықты аумақты көрдік - айналары бар қалқымалы бақтар, әдемі субұрқақтар, соның ішінде үйлену тойлары үшін фотосессия жасауға арналған орындар, ғашықтар үшін жас жұбайларға арналған стильді жүрек тәрізді аллея жасалған. Студенттер мұндай сұлулыққа тәнті болды, біз бақтың өзіне барған кезде бізге танымдық экскурсия болды, онда көптеген қызықты нәрселерге тәнті болдық. Бізге Ботаникалық бақтың экспозициясы: жылыжай, қысқы бақ, алаңдар, шағын дендропарк, суда жүзетін құстарға арналған тоған, хайуанаттар бағының бұрышы, экзотикалық балық түрлері және аква әлемі туралы айтып берді. Шаршағанмен, осындай қызықты жерлерді аралағанымызға қанағаттандық риза болдық Солтүстік Қазақстан облысы туралы білімімізді толықтырдық. Бұл сапар біз үшін ұмытылмас болды.

Инспектор по делам молодежи: Нурканова А. К.

06.06.2022
Қаралым саны: 335
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области