Бүгін Оқушылар сарайында 2023 жылдың 24 ақпанында аяқталатын IT және жаратылыстану-математикалық бағыттардың онкүндіктері басталды. Он күн ішінде онкүндік аясында викториналар, мастер-класстар, зияткерлік ойындар, квесттер, ашық сабақтар, презентациялар, жарыстар мен хакатон өткізу жоспарланған.

Онкүндіктің бірінші күні физика бойынша «Гидромеханика» интеллектуалды викторинасынан басталды. Іс-шараны педагог Т.Е. Сабыр өзінің «Физика өмірде» үйірмесінің оқушылары үшін дайындап өткізді. Викторина М. Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінде өтті. Оқушылар үш командаға бөлініп, осы тақырыптың санаттары бойынша сайысқа түсті. Сұраққа дұрыс жауап бере отырып, команда 10-нан 50-ге дейін ұпай жинай алады.

15.02.2023
Қаралым саны: 208
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области