«Жасөспірім және нашақорлық»

Қазіргі уақытта Қазақстанның алдында ұлт денсаулығына елеулі қатер төндіретін есірткіні қолданудың маңызы мен күрделілігі жағынан орасан зор мәселе тұр. Психоактивті заттарды тұтынушылар саны ғана емес, сонымен қатар осы заттардың жиынтығы да өзгереді — психикалық және физикалық тәуелділікті тез тудыратын химиялық заттарға ауысу байқалады.2023 жылдың 13 ақпанында Новоишим аграрлы-техникалық колледжінде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жедел уәкілі полиция капитаны Ө.Т.Бірім «Жасөспірім және нашақорлық»әңгімесін өткізді. Әңгімелесудің мақсаты – студенттердің есірткіге деген құндылық көзқарасын өзгерту, балалар мен жастар арасында психоактивті заттарға сұраныстың төмендеуін тудыратын олардың мінез-құлқы үшін жеке жауапкершілікті қалыптастыру;салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге қарсы көзқарастарды қалыптастыру және профилактикалық жұмыстар есебінен студенттерді есірткі құралдарын қабылдауға тартуды тежеу.

13.02.2023
Қаралым саны: 235
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области