Новоишим аграрлық-техникалық колледжінің ұжымы мен студенттер Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "сындарлы қоғамдық ДИАЛОГ – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі"атты жыл сайынғы жолдауын тыңдады. Ұжым білім беру сапасын арттыруға ерекше назар аударды, білім берудің әрбір деңгейі үшін қаржыландырудың ерекше тәртібін енгізу қажет. Сондықтан "Дипломмен – ауылға" бағдарламасының қолданылу аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру керек. Оқытушылар Президенттің ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының шикізаттық бағытынан кету керек деген сөздерін қолдайды, ол 70% - ға жетті, ал қайта өңдеу кәсіпорындары бар болғаны 40% - ға жүктелген.Колледж студенттері міндеттің өзектілігіне – азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейтуге, оларға белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын дарытуға назар аударды. Бұл-азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі жұмысымыздың маңызды құрамдас бөлігі.

Послание президента

Послание президента

01.09.2022
Қаралым саны: 310
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области