Студенттердің денсаулығын жүзу арқылы нығайту

2026 жылғы 28 қаңтарда жастар ісі жөніндегі инспектор Нурканова А.К. 11-М тобының студенттерімен бірге «Батыр» бассейніне бару іс-шарасын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты — студенттердің денсаулығын нығайту, дене шынықтыруға қызығушылығын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Сабақ басталар алдында қауіпсіздік техникасы мен бассейнде өзін-өзі ұстау ережелері бойынша нұсқаулық жүргізілді. Барлық студенттер қажетті құрал — жабдықтармен қамтамасыз етіліп, денсаулық жағдайына сәйкес сабаққа жіберілді.

Сабақ ұйымдасқан түрде, тыныш әрі жағымды атмосферада өтті. Студенттер жаттығуларды орындауға белсенді қатысып, тәртіптілік пен қызығушылық танытты. Қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы және төтенше жағдайлар тіркелген жоқ.

Іс-шара барысында қойылған мақсаттарға толықтай қол жеткізілді. Бассейнге бару студенттердің физикалық және эмоционалдық жағдайына оң әсерін тигізді.

06.02.2026
Қаралым саны: 65
Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области