24 қаңтар күні Мәдениет үйінде Новоишим аграрлы-техникалық колледжінің студенттері арасында «Би билеп, сау бол!» атты салауатты өмір салтын насихаттауға арналған акция-байқау өтті. Студенттерге командаларының атауы мен командалық рухқа сәйкес ұран ойлап табу тапсырылды. Жігіттер үш командаға бөлінді: «Танцоры диско», «ЗОЖники» және «Тұлпар».
Байқаудың бірінші тапсырмасы – Би-жаттығуды көрсету, екіншісі – жаттығуды тек бет мимикасы арқылы орындау, үшіншісі – би барысында қызықты шаш үлгісін жасау. Төртінші тапсырма бойынша әр команда салауатты өмір салты туралы үгіт материалдарын және брошюраларды пайдаланып топтық би орындауы керек болды.
Жігіттер барлық тапсырмаларды тамаша орындап, тапқырлық, әзіл сезімі және әдемі қимылдау қабілеттерін көрсетті. Байқау қазылары жеңімпазды анықтай алмады, сондықтан бірауыздан достық жеңді деген шешім қабылданды!
Қаралым саны: 56