Баскетбол турнирі

28-29 ақпанда Новоишим ауылшаруашылық-техникалық колледжінде колледждің барлық топтары арасында «Алғыс күніне» арналған баскетболдан турнир өтті. Мақсаты – отансүйгіштікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу; колледждің үздік спортшыларын анықтау, жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға бағытталған сауықтыру шараларын өткізу; оқушыларды спорттың әртүрлі түрлеріне баулу. 28 ақпанда 33 топтың және 13 топтың қыздары ойнап, 33 топтың жеңіске жетті.29 ақпанда 1-3 курс аралығындағы ұлдар арасында турнир өтті. Турнир қорытындысы бойынша 1 орын – 32 топ, 2 орын – 21 топ, 3 орын – 31 топ. Спорт – салауатты өмір салтын қалыптастыру критерийлерінің бірі, бүгінгі таңда өзекті болып табылады. Жігіттердің жанкүйерлер ретінде орындықтарда отырмай, баскетбол немесе басқа ойындар ойнап жүргені үлкен плюс деп ойлаймын. Әрине, бәрі жеңіске ұмтылады, бірақ бұл нәтижеге бәрі бірдей қол жеткізе алмайды. Мұндағы жеңіс – балалардың спортты жақсы көруі!

01.03.2024
Қаралым саны: 147
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области