«Жастардың таңдауы – өз елінде тұрып, еңбек ету!»

«Новоишим аграрлық-техникалық колледжі» КММ-де 2024 жылдың 16 ақпанында № 33 топта бүгінгі күннің өзекті тақырыбына пікірсайыс өткізілді. «Жастардың таңдауы – өз елінде тұрып, еңбек ету!»

Іс-шараның мақсаттары: жұмысшы мамандыгын танымал ету, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, сындарлы пікірталас жүргізу қабілеттерін арттыру, оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту, патриоттыққа, ел болашағына жауапкершілікке тәрбиелеу.

Тақырып сөзсіз, өзекті және біз үшін кездейсоқ емес: бұл уақыттың өзекті мәселесі. Бір өкініштісі, жұмысшы мамандықтардың беделі түсіп бара жатыр.

Бүгінгі таңда біз жұмысшы мамандарды талап ететін нарықтың белсенді дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Қазіргі студенттер үшін қоршаған әлемде өз орнын табу, колледжді бітіргеннен кейін білімді де бақытты адам болу өте маңызды. Біздің бүгінгі пікірсайысымыз жұмысшы мамандықтарына арналған. Пікірсайыс барысында студенттер қазіргі заманғы маңызды мәселелерін оқып, зерттеттеп,

ойластырылған шешім қабылдауға үйренеді, өз көзқарасын дәлелдермен қорғайды.

Барлық мәлімдемелерден кейін "теріске шығарушы" тараптың студенттері болашақта жұмысшы мамандықтары сұранысқа ие болады және жұмысшы персоналдың жетіспеушілігі мәселесі жеке аймақ немесе қала үшін емес, бүкіл ел үшін деген "бекітушілермен" келісуге мәжбүр болды

22.02.2024
Қаралым саны: 39
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области