2025 жылғы 10 қазанда колледжімізде Студенттік Парламент Президентін сайлау өтті.
Колледж студенттері үш үміткерді ұсынды. Олар Президенттің қызметі мен міндеттері жайлы өздерінің жұмыс бағдарламаларын таныстырды. Сайлаушылар дауыстары келесідей бөлінді:
- Рихтер Диана, 23-топ – 14 дауыс
- Панков Юрий, 11-топ – 14 дауыс
- Гусев Александр, 21-топ – 62 дауыс
Сайлау нәтижесі бойынша «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының, «Ауыл шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі» біліктілігі бойынша оқитын 21-топ студенті Гусев Александр 62 дауыс жинап, жеңіске жетті.
Александрды сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Студенттік Парламент Президенті қызметінде шығармашылық идеялар, белсенділік пен нәтижелі жұмыс тілейміз!
23.10.2025
Қаралым саны: 78
Қаралым саны: 78




