Үміткерлерге

Қабылдау ережелері

Арнайы мамандықтар тізімі

"Новоишимка аграрлы–техникалық колледжі" КММ 2022-2023 оқу жылына оқушыларды қабылдауды жариялайды. Оқушыларды оқыту күндізгі оқу түрі бойынша орыс тілінде мына мамандықтар бойынша тегін жүргізіледі:

1. «Тамақтандыруды ұйымдастыру»,

Біліктілігі: «Аспазшы» 9 сыныпқа негізделген.

Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай орта білім алумен.

2. «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»,

Квалификация: «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы машинисі, автокөлік жүргізушісі» 9 сыныпқа негізделген.

Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай орта білім алумен.

Колледж оқушылары ай сайын 21787 теңге көлемінде стипендия алады. «Үздік» білім алушылар 25054 теңге көлемінде жоғары стипендия алады. Жылына екі рет жол жүру ақысы 10604 теңгеге тең 2 АЕК мөлшерінде төленеді. Колледждің барлық оқушылары үшін тегін бір реттік ыстық тамақ ұйымдастырылған. Заманауи үлгідегі тегін жатақхана.

Ақылы негізде келесі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстар өткізіледі:

  • Аспасшы — оқу мерзімі 2 ай
  • Тракторшы-машинист-оқу мерзімі 3 ай
  • «В» санатындағы жүргізуші-оқу мерзімі 3 ай
  • «ВС» санатындағы жүргізуші-оқу мерзімі 4 ай
  • Газ-электрмен дәнекерлеуші - оқу мерзімі 3 ай

Оқытуды білікті оқытушылар құрамы жүргізеді. Барлығының жоғары білімі бар. Аграрлы-техникалық колледж таңдалған мамандықты игеру және орта білім алу үшін материалдық - техникалық базамен және барлық жағдайлармен жабдықталған. Колледжде оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар, акт залы, кітапхана, спорт залы, тракторлар мен автомобильдерді жүргізу бойынша тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған полигон бар.

Үміткерлер колледжге қабылдау туралы өтінішімен бірге:

  • * Білім туралы құжат (түпнұсқа);
  • * 086У нысанындағы медициналық анықтама (флюросуреті бар);
  • * 3x4 фотосуреттер (6 дана);
  • Жеке куәлік туу туралы (көшірмелері);
  • * ЖСН (көшірмесі);
  • Мінездеме.

Құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 25 маусымынан басталады.

Біздің мекен-жайымыз: 150400 Қазақстан Республикасы СҚО, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 2, тел: 8(71535) 20-6-45, факс: 20-5-91. колледж сайты: natk.sko.ru

Лицензия № 12023199 

Мақаланы құрған күні 16.10.2019 16:32

Мақаланы жаңартқан күні 23.06.2022 16:31

coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области