Тұлғааралық үйлесім: Эмпатия мен құрмет – басты құндылық

2026 жылғы 11 ақпанда «Позитивті мағыналар аумағы» онкүндігі аясында Новоишим аграрлық-техникалық колледжінде педагог-психолог Раимбекова Т.С. 2-курс студенттеріне арналған «Қарым-қатынас құр: өмірдегі үйлесім» тақырыбында тренингтік сабақ өткізді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің сезімдерге және тұлғааралық қарым-қатынастарға саналы көзқарасын қалыптастыру, эмпатияны, құрмет пен тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту болды. Рөлдік ойындар мен практикалық жаттығулар («Диалог», «Тыңда және қайтала», «Сенім көпірі», «Арман картасы») барысында студенттер өз ойларын еркін жеткізуге, серіктесін тыңдап әрі түсіне білуге, сенім қалыптастыруға және жеке шекараларын сезінуге үйренді.

Сабақта ғашықтық пен махаббаттың айырмашылығы, құрмет пен қауіпсіздіктің маңызы, сондай-ақ әр адамның «жоқ» деуге құқығы ерекше атап өтілді. Кездесу соңында рефлексия жүргізіліп, қатысушылар үйлесімді қарым-қатынас орнатуда ашық диалог пен өзара түсіністіктің маңызын атап өтті.

12.02.2026
Қаралым саны: 16
Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области