IT-технологиялар және инновация: 11-М топ студенттеріне арналған танымдық саяхат

2026 жылғы 5 мамырда Новоишим аграрлық-техникалық колледжінің 11-М тобының студенттері үшін Creative IT Center ZIYATKER MYRA орталығына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді IT-технологиялар әлемімен ерте кезеңде таныстыру, заманауи инновацияларға қызығушылығын ояту және болашақ мамандықтар туралы бастапқы түсінік қалыптастыру.

Экскурсия барысында орталық жетекшісі Ахметова Айгерім Бремжановна мекеменің қызметі мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді. Студенттер заманауи құрал-жабдықтармен танысып, бағдарламалаудың негіздері туралы мәлімет алып, тәжірибелік көрсетілімдерге қатысты.

Аталған іс-шара студенттердің таным көкжиегін кеңейтіп, заманауи технологиялар мен цифрлық мамандықтарды меңгеруге ынталандыруға ықпал етті. 5 мая 2026 года для студентов группы 11-М Новоишимского аграрно-технического колледжа была проведена познавательная экскурсия в Creative IT Center ZIYATKER MYRA.

19.05.2026
Қаралым саны: 18
Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области