Рақмет айту — өнер! Колледждегі мерекелік акция

2026 жылғы 28 ақпанда психологиялық онкүндік аясында «Күннен күнге — достыққа, алғысқа және толеранттылыққа қадам» тақырыбымен Новоишим аграрлық-техникалық колледжінде кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен және оқу топтарының кураторларымен бірлесе отырып 1–3 курс студенттері арасында «Алғыс білдір» акциясы аясында «Алғыс айту және игі істер күні» тақырыбында тақырыптық плакаттар жасау іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — позитивті ойлауды қалыптастыру, күнделікті өмірдегі жақсылықты байқай білу дағдыларын дамыту және айналадағы адамдарға шынайы алғыс білдіру мәдениетін жетілдіру.

Іс-шара барысында студенттер шығармашылық үдеріске белсенді түрде атсалысты: олар түрлі-түсті суреттер салып, плакаттарды жылы лебіздермен және жігерлендіретін нақыл сөздермен безендірді. Жұмыстарында достық, өзара көмек, құрмет пен қолдау тақырыптары кеңінен көрініс тапты. Студенттер өз қиялдарын, креативтіліктерін және шынайылықтарын танытып, суреттері мен жазбалары арқылы жүрек жылуын жеткізуге тырысты.Акция жылы әрі достық атмосферада өтіп, студенттер арасындағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға, жағымды көңіл күй қалыптастыруға ықпал етті.

 

 

 

19.03.2026
Қаралым саны: 16
Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области