№23 топтың қорытынды аттестаттауы

20-21 маусым 23 топ студенттері 1504000 «Фермерлік шаруашылығы» мамандығы 1504042 «Аспазшы» біліктілігі бойынша «Тамақ дайындау технологиясы» пәні бойынша мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өтті: теориялық бөлігін тест бойынша, ал практикалық білімін билет бойынша тапсырды. Әр билетте 3 тағам түрі бар. Студенттер: тіскебасарлар, салаттар, ыстық екінші тағамдар,ұн өнімдері, сусындар дайындады, студенттер тапсырмаға шығармашылықпен орындады. Дайын тағамдар мен сусындар рәсімделді, технология бойынша өнімдерді салу мен өңдеудің барлық нормаларына сәйкес дұрыс дайындалды, безендірілді.

Сонымен қатар студенттер тағам сапасына қойылатын талаптарды да ұмытқан жоқ. Дәмі мен сыртқы түрі бойынша тағам дайындалған өнімдерге сәйкес келді.

29.06.2022
Қаралым саны: 311
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области