Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы қарсаңында Новоишим аграрлық-техникалық колледжінде кітапханашы Б. А. Мамбеталинованың жетекшілігімен «Жүректер мен кітаптарда — соғыс туралы естелік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінде Ұлы Отан соғысы жылдардағы өлке тарихының сырын ашатын кітаптар, журналдар жинақталған. Жеңіс жолында ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлардың есімдерін ұмытпай, тағзым етуге тәрбиелейтін кітаптар оқуға ұсынылды.
Мақсаты: білім алушыларды өз тарихын білуге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыруда тарихи кітаптарды оқуға қызықтыру.
08.05.2025
Қаралым саны: 8
Қаралым саны: 8