«Мисс студенттік көктем 2025 конкурсы»

Новоишим аграрлы-техникалық колледжінде Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт пен «Мисс студенттік көктем 2025» конкурсы өтті. 

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, бұл адамзаттың әдемі жартысы өзіне арналған сыйлықтар мен тілектерді қабылдайтын уақыт... 

Күн тірі коридордан басталды, мейірімді ханымдар қарсы алынып, алдағы мерекемен құттықталды.

Іс-шараның басында колледж директоры Жусупов Суендык Куандыкович ханымдарды мерекемен құттықтады. Ол әйелдерге денсаулық, сұлулық, амандық, көктемгі көңіл — күй және барлық армандарының орындалуын тіледі, ал еркектерді өздерінің сүйікті әйелдеріне шын мәніндегі мереке сыйлауға шақырды. 

Осы күні колледждің көрермен залы көктемгі көңіл — күйге, күлкіге, қуанышқа толды. 

«Мисс студенттік көктем 2025» конкурсы басталды, біздің керемет студент қыздарымыз барлық кезеңге үлкен қобалжу сезімімен дайындалды.

Конкурс визиттік карточка, интеллектуалды конкурс, «Өзіңді-өзің безендір», «Таланттар шайқасы» бөлімдерінен тұрды. Конкурс аяқталғаннан кейін, төрелік кеңесі ұзақ талқылап, орындар төмендегідей бөлінді:

1 орын – Ибатулина Алина, 1 — курс студенті, мамандығы «Тамақтануды ұйымдастыру».

2 орын – Дроботюк Арина, 2 — курс студенті, мамандығы «Бухгалтер-кассир».

3 орын – Балакишиева Зарият, 1— курс студенті, мамандығы «Тамақтануды ұйымдастыру».

Барлық қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

Колледж студенттері орындаған концерттік бағдарламалар адамзаттың ең әдемі жартысына – әйелдерге арналды. Әрбір әнде әйел сұлулығы мен осы әлемдегі әйелдердің маңыздылығы туралы жолдар айтылды. Мерекелік концерттің соңында залда отырған барлық әйелдерге алғыс грамоталар мен сыйлықтар берілді. 

Бүкіл мерекелік концерт бір тыныста өтті, көрермендерге жағымды эмоциялар сыйлады.


06.03.2025
Қаралым саны: 25
Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области