Ата-аналар жиналысы: тәрбие мен қауіпсіздік басты назарда 2026 жылғы 29 сәуірде Новоишим аграрлық-техникалық колледжінде 11-М тобында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында келесі мәселелер қарастырылды:
- білім алушылар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу;
- жасөспірімдер арасында алкогольдік ішімдіктерді пайдаланудың алдын алу;
- мереке күндері қауіпсіздік техникасын сақтау;
- топ студенттерінің сабаққа қатысуы;
- білім алушылардың үлгерімі.
Топ жетекшісі ата-аналарға студенттердің тәртібі, сабаққа қатысуы және үлгерімі туралы ақпарат берді. Ерекше назар құқық бұзушылықтардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ балаларды тәрбиелеу мен олардың мінез — құлқына ата-аналардың жауапкершілігі мәселелеріне аударылды.
Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналарға келесі ұсынымдар берілді:
- балалардың сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеті мен мінез-құлқына бақылауды күшейту;
- алкогольдің зияны мен ерте жүктіліктің салдары туралы профилактикалық әңгімелер жүргізу;
- мереке күндері қауіпсіздік техникасын сақтауға назар аудару;
- сабаққа тұрақты қатысуға және үлгерімді арттыруға ықпал ету.
Жиналыс іскерлік жағдайда өтті, ата-аналар қойылған мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.
19.05.2026
Қаралым саны: 19
Қаралым саны: 19






