«Стоп алаяқтық» акциясы

Новоишим ауылдық округінің тұрғындарына, ең алдымен қарт адамдар мен зейнеткерлерге қатысты алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында, 2025 жылғы 30 қаңтарда Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімі Жастар ресурстық орталығымен және Новоишим ауылшаруашылық-техникалық колледжінің еріктілерімен бірлесіп «Стоп алаяқтық» акциясын өткізді. Акцияның мақсаты – халықпен алаяқтықтың түрлері бойынша жұмыс жүргізу, сондай-ақ Egov порталы арқылы несие рәсімдеуден бас тарту әдістерін уақытша емес, тұрақты түрде жасау жолдарын түсіндіру. Еріктілер «әлеуметтік алаяқтықтың» алдын алуға бағытталған ақпараттық парақшалар таратып, Новоишим ауылының тұрғындарына қылмыскерлердің әрекет ету алгоритмін түсіндіріп, нақты мысалдар келтірді. Әдетте, алаяқтардың негізгі нысанасына егде жастағы адамдар айналады. Қылмыскерлер психологиялық әдістерді шебер меңгергендіктен, азаматтардың сеніміне оңай кіріп, өз мақсатына жетеді. Осылайша, олар адамдарды соңғы күнкөріс қаражатынан айырады. Акцияға қатысушылардың ешқайсысы бей-жай қалған жоқ, әрбір тұрғын еріктілердің түсіндірмелерін мұқият тыңдады.

31.01.2025
Қаралым саны: 69
Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области