Новоишим аграрлық-техникалық колледжінде оқу орнының аумағын абаттандыру және тазалықты сақтау мақсатында дәстүрлі «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өткізілді.
Акцияға студенттер, оқытушылар және колледж қызметкерлері қатысты. Бірлескен күш-жігердің арқасында колледж аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді: жаяу жүргіншілер жолдары қоқыстан тазартылып, гүлзарлар ретке келтірілді, қураған жапырақтар мен бұтақтар жиналды, оқу және қоғамдық аймақтар абаттандырылды.
Осындай іс-шараларды өткізу студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, жауапкершілік сезімін және еңбекке деген құрметті арттыруға ықпал етеді. Әрбір қатысушы колледж аумағын таза, жайлы әрі көрікті етуге өз үлесін қосты.
Акцияға белсенді қатысқан баршаңызға алғысымызды білдіреміз! Тазалықты сақтау – баршамызға ортақ міндет. Бірлескен күш — жігерімізбен колледжімізді одан әрі көркейтіп, таза әрі жайлы орта қалыптастыра аламыз!

Қаралым саны: 0






