5 наурыз күні Новоишим аграрлық-техникалық колледжінде Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараның мақсаты – колледждің ұстаздарын, қызметкерлерін және студент қыздарын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, қуанышқа, жылулыққа және алғысқа толы мерекелік көңіл — күй қалыптастыру болды.
Концерттік бағдарлама салтанатты әрі жылы атмосферада өтті. Әйелдер қауымына арнап жүрекжарды құттықтаулар мен ізгі тілектер айтылды. Колледж студенттері түрлі шығармашылық нөмірлер дайындады: әндер орындалып, би қойылымдары көрсетіліп, сахналық көріністер ұсынылды. Әрбір нөмір көрермендердің зор қошеметімен қарсы алынды.
Әсіресе әсерлі әндер мен жарқын би қойылымдары мерекенің ерекше сәнін келтіріп, көрермендерге көтеріңкі көңіл — күй сыйлады. Концерт жүргізушілері әйелдердің қоғамдағы маңызды рөлін, олардың білім беру саласына, жастар тәрбиесіне және колледждің дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Мерекелік концерт колледждегі барлық әйелдер қауымына арналған тамаша сый болды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен көрермендерге жарқын әсер мен жағымды эмоциялар сыйлады.
Іс-шара соңында барлық әйелдерге денсаулық, бақыт, амандық және көктемгі көңіл-күй тілеген жылы лебіздер айтылды.
Қаралым саны: 19








