Жас құтқарушылар: колледж студенттері биіктен көрінді!

Сәуір айында жас құтқарушылар арасында жарыс өтті. Аталған жарысқа Новоишимский аграрно-техникалық колледжі студенттері белсенді қатысып, өздерінің білімдері мен шеберліктерін көрсетті.

Біздің студенттер физикалық дайындықтарын, ұйымшылдықтарын, батылдықтарын және төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын жоғары деңгейде дәлелдеді. Қатысушылар барлық сынақтардан сәтті өтіп, жауапкершілік, төзімділік және жеңіске деген жігер көрсетті.

Осындай жарыстар жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытып, көмек көрсетуге дайын болуға және командамен жұмыс істеуге үйретеді. Студенттерімізбен мақтанамыз және оларға алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

#ЖасҚұтқарушылар #НАТК #Студенттер #Жарыс #Жастар #КолледжМақтанышы

 

19.05.2026
Қаралым саны: 16
Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области