2026 жылғы 22 қыркүйекте Новоишим аграрлық-техникалық колледжінде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ТЖБ және ПБ қызметкерлерінің қатысуымен «ЖАТАҚХАНА» акциясы аясында профилактикалық әңгіме өткізілді.
ТЖБ инженері Мусин Нурболат Жаркынұлы студенттерге өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт болған кездегі іс-әрекеттер, ғимараттан эвакуациялау тәртібі және жылыту кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірді.
Учаскелік полиция инспекторы Казезов Алтынбек Орынбайұлы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Өткізілген іс-шара студенттердің өрт және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша білімдерін арттыруға ықпал етті.
09.10.2026
Қаралым саны: 0
Қаралым саны: 0







