ХХІ ғасыр дерті: Жастар нашақорлық пен ВИЧ-ке қарсы!

12 ақпанда Новоишим аграрлық-техникалық колледжінде «ХХІ ғасыр дерті – ВИЧ және нашақорлық» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Әңгімені колледж әдіскері Кулманова Г.К. және аудандық емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі маманы Үмітбаева Асем Төлемісқызы жүргізді.

Кездесу барысында білім алушыларға ВИЧ-инфекциясының жұғу жолдары, оның алдын алу шаралары, сондай-ақ есірткі заттарын қолданудың адам денсаулығына тигізетін зияны туралы ақпарат берілді. Студенттердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы және салауатты өмір салтын ұстануы мәселесіне ерекше назар аударылды.

Іс-шараның мақсаты — жастар арасында ВИЧ-инфекциясы мен нашақорлықтың алдын алу, студенттердің ақпараттық сауаттылығын арттыру және салауатты, қауіпсіз өмір салтын саналы түрде таңдауға бағыттау.

 

12.02.2026
Қаралым саны: 19
Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области