2024 жылдың 24 қазан күні Новоишим аграрлы-техникалық колледжінде «Гүлдене бер, менің туған Республикам! Менің Қазақстаным! Сен менің қымбатты үйімсің!» («Халықтар достығы» ұлттық тағамдар көрмесі) атты Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: отансүйгіштікке, өз еліне деген мақтаныш сезімін, қазақ халқының және елде тұратын халықтардың мәдениетіне, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу.
Республика күні мереке ғана емес, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығының символына айналды.
Іс-шараның ашылуы колледж студенттерінің орындауындағы «Қара жорға» отансүйгіштік биімен басталды. Содан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны салтанатты түрде шырқалды.
Одан әрі колледж директоры С.К. Жүсіпов құттықтау сөз сөйледі. Құттықтау сөздерден кейін колледж студенттері мерекелік бағдарламаға сәйкес Республика күніне арнайы дайындалған өлеңдер, билер мен әндерді орындады. Іс-шараның жарқын сәті «Халықтар достығы» ұлттық тағамдар байқауы.
Байқауға қазақ , орыс, украин асханаларының тағамдары ұсынылды.
Әр ұлттың өкілдері ұлттық киімде өз асханаларының тағамдарын ұсынды, содан кейін олар отбасылық ошақтың, бірліктің, молшылықтың және мерекенің символы болып табылатын бір үлкен үстелге жиналды.
Байқаудың барлық қатысушылары грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара мерекелік және достық атмосферада өтті .
Қаралым саны: 56