Новоишим аграрлық-техникалық колледжінде ашық есік күні
«Сенің таңдауың — сенің болашағың»
Колледжімізде болашақ талапкерлерді, қонақтарды және оқытушыларды біріктірген жарқын әрі мазмұнды ашық есік күні өтті
Іс-шара қатысушыларды тіркеуден және достық кофе-брейктен басталып, қонақтар өзара танысып, күнге жақсы көңіл-күймен кірісті.
Колледж директоры Жусупов С.К. құттықтау сөз сөйлеп, мамандық таңдаудың маңыздылығы мен оқу орнының мүмкіндіктеріне тоқталды.
Сондай-ақ колледж туралы презентация мен кәсіптік бағдар беру бейнеролигі ұсынылып, қатысушылар оқу орны жайлы толық ақпарат алды.
Қонақтар үшін оқу кабинеттеріне экскурсия ұйымдастырылып, сұранысқа ие мамандықтар бойынша шеберлік сабақтары көрсетілді:
- Ауыл шаруашылығын механикаландыру
- Тамақтандыруды ұйымдастыру
- Есеп және аудит
- Дәнекерлеу ісі
Негізгі бөлімнен кейін қонақтарға түскі ас ұйымдастырылып, қатысушылар еркін форматта әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Бұдан кейін колледж жатақханасына экскурсия өткізіліп, талапкерлер студенттердің тұрмыс жағдайымен танысты.
Іс-шара соңында қорытынды жасалып, «Сенің таңдауың — сенің болашағың» атты ашық есік күні салтанатты түрде жабылды.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және сіздерді студенттеріміздің қатарында көруге қуаныштымыз!

Қаралым саны: 32









