Джинсы кеші «Кітаптар мен индиго түсті джинсы»

Сіз билегенді және көңіл көтергенді жақсы көресіз бе? Онда джинсы кеші сізге міндетті түрде ұнайды! Джинсы – бұл гардеробтың ең кең таралған бөлігі, ол соңғы жүз елу жыл ішінде бүкіл әлемді шарлап, өз жанкүйерлерін қуантып келеді. Ол сәннен шықпай қана қоймай, үнемі жетілдіріліп отырады. Орталық аудандық кітапханада, Коворкинг залында жастарға арналған ерекше кеш – «Кітаптар мен индиго түсті джинсы» атты джинсы кеші өтті. Бұл шараға Новоишим агротехникалық колледжінің студенттері қатысты. Кештің дресс-коды – джинсы болды. Сондықтан барлық қонақтар джинсы киіммен келді – джинсы және тағы да джинсы, әрқашан сәнді, бәріне ұнайтын джинсы. Залдың безендірілуінде де джинсы элементтері қолданылды. Кештің басында кітапханашы Н. Паневкина TikTok-тағы «Сенің сүйікті мемаң» челленджі бойынша сұрақ-жауап өткізді. Бұл челлендждің мәні – өзіңнің сүйікті мемаңды сипаттау.

Одан кейін қатысушылар джинсы тарихымен танысты. Бүгінде джинсы – барлық жастағы, әлеуметтік жағдайы мен мәртебесіне қарамастан адамдарды біріктіретін ең демократиялық киім түрі. Алғашында жұмыс киімі ретінде пайда болған джинсы уақыт өте келе сәнді әрі мерекелік киімге айналды. Барлығы алтыннан басталды – оны тасымалдау қиын болғандықтан, Леви Страус 1853 жылы жаңа үлгідегі мықты шалбар ойлап тапты. Ол бұл өнертабыс болашақта бүкіл әлемде танымал болып, барлық жастағы адамдардың сүйікті киіміне айналады деп ойлаған жоқ. Джинсының басты артықшылығы – ол әрқашан сәнде және кез келген киіммен үйлесе береді. Кеш барысында қатысушылар тек сәнді және танымал киім туралы қызықты фактілермен танысып қана қоймай, түрлі сайыстар мен зияткерлік викториналарға, эстафеталарға белсенді қатысты. Кітапханашылар Е. Кремер, С. Аржикеева және Н. Паневкина ойындар ұйымдастырды. Алғашқы тапсырма қазақтың ұлттық ойыны – асықты ойнау болды. Ұлттық спорт түрлері бүгінде жастар арасында кең танымал болуда.

Асық ойыны көшпенділер арасында пайда болып, дәлдік пен ептілікті дамытқан. Ойынның мақсаты – белгілі бір қашықтықтан асықты атып түсіру. Қатысушылар бұл тапсырманы шебер орындады. Одан кейін «Фанты» (тапсырманы орындау керек), «Бетті жина» (көзді жұмып бет мүшелерін дұрыс орналастыру), «Әліпби» (әріптерден сөз құрастыру) сияқты ойындар өтті. Жастар ісі жөніндегі инспектор А.К. Нурканова «Селфи жаса» (белгілі бір затпен селфи жасау) және «Крокодил» (суретте көрсетілген затты қимылмен бейнелеу) ойындарын ұйымдастырды. Кештің ең жарқын сәті: 1-сынып оқушысы, Новоишим қазақ мектебінің оқушысы Айша Темірғалиева TikTok трендтерін көрсетіп, қатысушылар билеп қайталады. Өйткені биді сөзбен жеткізу мүмкін емес – оны билеу керек! Кеш соңында барлық қатысушылар кофе-барға шақырылып, кофе мен тәттілерден дәм татты. Бағдарламаның кульминациясы – «Джинсы фотозонада» ортақ фотоға түсу және қатысушыларға естелік сыйлықтар табыстау болды. Бұл ерекше креативті джинсы кеші сәтті өтті! Қатысушылардың бақытты күлкісі мен жарқын эмоциялары – кештің басты дәлелі. Кітапхана жаңа оқырмандар мен достар тапты, өйткені интеллект, тікелей қарым — қатынас және қызықты демалыс – кітапхананың ең үздік ұсынысы болды. Кеш аяқталғанымен, жылы естеліктер барлық қатысушылардың жүрегінде қалды!
 

31.01.2025
Қаралым саны: 43
Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области