2022 жылдың 14 маусым күні аудандық мәдениет үйінде Жастар ісі жөніндегі инспектор А.К. Нурканованың жетекшілігімен Новоишимка аграрлы-техникалық колледжі «Халық биі» және «заманауи хореография» атты екі номинацияға белсенді қатысты. Байқау шығармашыл және талантты жастар мен балаларды қолдау мақсатында өткізіледі.

Конкурстың міндеттері жастар аудиториясын және кіші балаларды белсенді шығармашылық өнерге тарту, бимен айналысатын жастар мен кіші балалардың шығармашылық шеберлігін арттыру, балалар мен жастардың би өнеріндегі жетістіктерін танымал ету және насихаттау. Колледж намысын қорғаған бірінші және екінші курс студенттері Теплова Елена, Шинкар Александра, Сомова Анна, Макей Каролина, Громадюк Аделинаға үлкен алғысымды білдіремін. Белсенді қатысқаны және тамаша өнер көрсеткені үшін дипломмен марапатталды және ынталандыру сыйлығы сымсыз динамикке ие болды.

14.06.2022
Қаралым саны: 195
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области