2025 жылғы 13 қарашада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы және «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру аясында Новоишим аграрлы-техникалық колледжінде кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 1 курс студенттері арасында «Бір дәуірдің екі дауысы» атты әдеби акция өткізілді.
Іс-шара қазақ әдебиетінің тарихында өшпес із қалдырған екі ұлы қаламгер – Такен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналды. Олардың туындылары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай, терең ой мен рухани байлықтың үлгісі болып келеді.
Акцияның негізгі мақсаты – қазақстандық әдебиетті насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және Қазақстанның әдеби мұрасын зерделеуге ықпал ету.

13.11.2025
Қаралым саны: 15
Қаралым саны: 15




