Буллингтің алдын алу – қауіпсіз студенттік ортаның негізі

Новоишим аграрлық-техникалық колледжінің жатақханасында «Буллинг» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Әңгіме жүргізген – жастар ісі жөніндегі инспектор Нурканова А.К.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың буллинг көріністеріне деген теріс көзқарасын қалыптастыру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, өзара сыйластық пен толерантты қарым — қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ студенттік ортада қақтығыстардың алдын алу.

Әңгіме барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  • буллинг ұғымы және оның негізгі түрлері (физикалық, психологиялық, вербалды, кибербуллинг);
  • жасөспірімдер мен жастар арасында буллингтің пайда болу себептері;
  • буллингтің жәбірленушіге, агрессорға және айналасындағыларға тигізетін салдары;
  • қорқыту мен қудалауға байланысты заңға қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік;
  • буллингтің алдын алу жолдары және оның орын алған жағдайында әрекет ету алгоритмі.

Әңгіме қорытындысы бойынша іс-шараның мазмұнды әрі танымдық атмосферада өткенін, студенттердің буллинг мәселесі бойынша хабардарлығын арттыруға және білім беру ортасында жауапты мінез — құлықты қалыптастыруға ықпал еткенін атап өтуге болады.

06.02.2026
Қаралым саны: 85
Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области