2026 жылғы 2 сәуірде Новоишим аграрлық-техникалық колледжінде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы және «Заң және тәртіп» айлығы аясында педагог — психолог Т. С. Раимбекованың жетекшілігімен 21-М тобы студенттері арасында «Мен және заң: шекара қайда?» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, өз әрекеттері үшін жеке жауапкершілікті сезінуін арттыру, сондай-ақ заң аясындағы рұқсат етілген мінез — құлық шекараларын түсіндіру.
Іс-шара барысында студенттер жеке шекараларды, құқықтар мен міндеттерді түсінуге бағытталған интерактивті жаттығулар мен талқылауларға қатысты. Мінез-құлық нормаларын сақтау және өз әрекеттері үшін жауапкершілікке байланысты өмірлік жағдайлар қарастырылды. Құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, өз шекараларын қорғай білуге және өзгелердің құқықтарын құрметтеуге ерекше назар аударылды.
Тренинг білім алушылардың саналы мінез — құлық дағдыларын дамытуға, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік алуға және заңды бұзудың салдарын түсінуге ықпал етті.

Қаралым саны: 17




