Сенбілік

Сенбілік — бұл әдемі әлемде өмір сүруге деген ұмтылысымызды білдірудің тамаша тәсілі. Көктемгі шуақты күні таза ауада бейресми жағдайда бәріміз бірге араласып, сөйлесуге мүмкіндік береді. Себебі тәртіп адамда да, оның айналасында да болуы керек, сондықтан сенбілік өткізу өте маңызды.

Жинағаннан кейін айнала тазарып, біздің еңбегіміздің нәтижесінде әлем сәл де болса көркейіп қалғанын көру қандай ғанибет!

12 сәуір күні Новоишим аграрлы -техникалық колледжінің аумағында сенбілік өтті, оған колледж қызметкерлері белсене қатысты.

Қажетті құрал-саймандармен жабдықталып, колледж қызметкерлері аумақты қуана-қуана ретке келтірді. Бірі жапырақтарды сыпырып, бірі оларды үйіп жатты, енді бірі қаптарға жинап жатты. Аздап шаршағанмен, бәрі керемет көңіл-күймен жұмысын аяқтады. Өз еңбегіңнің нәтижесін көру өте жағымды болды – әркім бұл іске жүрек жылуын салды. Колледжіміздің тазаланған аумағы баршаға көз қуанышын сыйлайды.

14.04.2025
Қаралым саны: 56
Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области