13 наурыз күні Новоишим аграрлық-техникалық колледжінде мектеп оқушыларына арналған «Сенің таңдауың — сенің болашағың» атты Ашық есік күні өтті. Бұл шара болашақ мамандығын таңдаудың алдында тұрған оқушылар үшін ұйымдастырылды.
Қонақтарды колледждің кіреберісінен бастап ерекше көңіл күймен қарсы алды: механизатор киімін киген аю кейіпкері оқушыларды қарсы алып, мерекелік әрі жылы атмосфера қалыптастырды. Оқушылар алдымен киім ілетін орынға өтіп, кейін тіркеуден өтіп, хош иісті шай ұсынылған шағын дастарханға шақырылды.
Іс-шараның салтанатты ашылуы колледждің акт залында өтті. Бағдарламаны бірінші курс студент қыздары орындаған әсем қазақтың ұлттық биі ашты. Көрермендердің көңілінен шыққан бұл өнер мерекенің көркін аша түсті.
Қонақтарға тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Серік Игембаевич құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға болашақ мамандық таңдауда сәттілік тілеп, дұрыс өмірлік жолды таңдаудың маңыздылығын атап өтті.
Одан кейін «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» бөлімінің меңгерушісі Зейнуллаев Асет Камидулаевич сөз алып, колледждің тарихы, материалдық-техникалық базасы, білім алу мүмкіндіктері мен студенттерге жасалған жағдайлар туралы айтып берді.
Келесі болып оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Кирюшкина Анна Васильевна іс-шараның екінші бөлігінің бағдарламасымен таныстырды. Бұл бөлімде экскурсиялар мен шеберлік сабақтары өткізілді.
Оқушылар екі топқа бөлінді. Бірінші топ Анна Васильевнаның жетекшілігімен колледж зертханаларын аралап, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша шеберлік сабақтарына қатысты. Олар заманауи құрал-жабдықтарды көріп, мамандықтардың ерекшеліктері туралы білді. Сонымен қатар тракторға отырып көру мүмкіндігіне ие болып, ерекше әсер алды.
Екінші топ Алмагуль Косымбековнаның жетекшілігімен «Есеп және аудит» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша кабинеттерді аралады. «Есеп және аудит» мамандығының 3-курс студенті Шнаркевич Ульяна оқушыларға өз мамандығы туралы айтып, оның ерекшеліктері мен болашағы жайында таныстырды. Сонымен қатар оқушыларға қызықты викторина ұйымдастырылды.
Одан кейін оқушылар «Тамақтандыруды ұйымдастыру» зертханасына барып, «Бәліш қуыру» атты шеберлік сабағына қатысты. Оқушылар тағам дайындау процесіне белсене қатысып, аспаздықтың кейбір құпияларымен танысты. Экскурсия соңында қонақтарға жаңа піскен бәліш пен хош иісті компот ұсынылды.
Экскурсиялар мен шеберлік сабақтарынан кейін барлық қатысушылар қайтадан акт залына жиналып, іс-шараның қорытынды бөлімі өтті.
Шеберлік сабақтарына белсенді қатысып, қызығушылық танытқан оқушылар марапатталды:
«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша — Кожахметов Алибек пен Свистун Кирилл;
«Есеп және аудит» мамандығы бойынша — Шаганова Зарина;
«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша — Кульмагамбетова Аружан.
Ашық есік күні жылы әрі достық атмосферада өтті. Оқушылар колледждің оқу кабинеттері мен зертханаларын көріп, оқытушылармен және студенттермен танысып, түрлі мамандықтар туралы толық ақпарат алды. Осындай іс-шаралар болашақ талапкерлерге өз мамандығын саналы түрде таңдауға және болашақ жолын анықтауға үлкен көмегін тигізеді.
Қаралым саны: 18










