«Колледждің үздік оқырманы» атты шығармашылық және танымдық байқау

2025 жылғы 20 қарашада «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру аясында Новоишим аграрлы-техникалық колледжінде кітапханашы Б. А. Мамбеталинованың ұйымдастырған «Колледждің үздік оқырманы» атты шығармашылық және танымдық конкурс өтті. Шараның мақсаты – студенттердің кітап оқудың құндылығы мен маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыру, оқырмандық белсенділікті арттыру, мәтінмен өздігінен жұмыс жасауға ынталандыру, сондай-ақ бірінші курс студенттері арасынан ең эрудит және кітапқұмар оқырмандарды анықтау.

Конкурс 5 кезеңнен тұрды:

1-кезең: «Мақал-мәтелдер»

2-кезең: «Эрудит»

3-кезең: Өлеңдерді мәнерлеп оқу

4-кезең: «Филворд»

5-кезең: «Суретті тап»

Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша 11-М тобының студенті – Королёв Генрих жоғары деңгейдегі эрудициясын, артистизмін және кітап оқуға деген сүйіспеншілігін көрсетіп, конкурстың жеңімпазы атанды. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтарға ие болды.

Байқау достық әрі шығармашылық атмосферада өтіп, студенттердің қабілеттерін ашуға, эрудициясын дамытуға және оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді. «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру оқу мәдениетін қалыптастыруға, ойлау қабілетін дамытуға және қолайлы білім беру ортасын құруға ықпал етеді.

20.11.2025
Қаралым саны: 53
Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области